Сайлау барысында Орал тұрғындары Токаевқа дауыс берген жоқ – бақылаушылар

9 маусымда тәуелсіз бақылаушылар алған дауыс беру қорытындылары туралы алдын ала деректер билік берген цифрларға қайшы келеді.

Тәуелсіз бақылаушылар сайлау аяқталғаннан кейін қаланың сайлау учаскелерінің басым көпшілігінен мөрлері бар хаттамалар алды. 69 сайлау учаскесінен алынған хаттамалар (54%) оппозициялық кандидаттың пайдасына дауыс беруді көрсетеді.

Олардың мәліметтеріне сәйкес, Әміржан Қосанов сайлаушылардың 47,1% дауыс алды, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев – 41,2%.

Жиналған хаттамалардың деректері 37,7% – ды көрсетеді.

Бірқатар сайлау учаскелеріндегі дауыстардың арақатынасы таң қалдырады. Осылайша, БҚМУ – дың №440 сайлау учаскесінде Қосанов үшін 835 сайлаушы, Тоқаев үшін 393 сайлаушы дауыс берді. №169 сайлау учаскесінде еліміздің қазіргі президентіне 242 сайлаушы, Қосанов үшін – 936 дауыс берді.

— Біз байқаушылардан қаланың сайлау учаскелерінің 54% – ынан «тайға таңба басқандай» мөрі бар хаттамалар алдық, және біз шынайылыққа жақын суретті көріп отырмыз. Бұл хаттамалар – билік елемеуге болмайтын құжат, куәлік, — дейді бақылау орталығының үйлестірушісі Асқар Шайгумаров.

Жақында «Орал апталығы» журналистерінің қатысуымен азаматтық белсенділер ұйымдастырған хаттамалардың көшірмелері тәуелсіз бақылау орталығына түсуде. Орал қаласында сайлау күні дауыс беру 125 сайлау учаскесінде өтті, оның ішінде жабық учаскелер — әскери бөлімдер мен арнайы мекемелер бар.

— Бізге аудандардан мөрлері бар хаттамалар келіп түсіп жатыр,сол жерде сол үрдіс – Тоқаев пен Қосанов үшін дауыс бергендердің көп немесе тең саны немесе екінші кандидатта артық. Міне, Бәйтерек ауданы Достық ауылының хаттамасы – онда Қосанов үшін 502 сайлаушы, Тоқаев үшін 393 сайлаушы дауыс берді, – деп хабарлады Асқар Шайғұмаров.

Сайлау күні Орал қаласы бойынша сайлау учаскелерінің 100% – ында тәуелсіз бақылаушылар болды.

«Бізді әділ сайлау үшін бақылаушы болып, учаскелерге баруды шешкен адамдардың белсенділігі таң қалдырды. Олардың көпшілігіне сайлау комиссиясы мүшелері тарапынан қысымға, тіпті қауіп-қатерге тап болды, бірақ олардың барлығы дерлік аяғына дейін тұрды, учаскеден кеткен жоқ және дауыс беру қорытындылары хаттамаларының көшірмелерін мөрлермен алды. Олар — нағыз батырлар», – дейді Асқар Шайғұмаров.

— Қалған учаскелердегі дауыс беру қорытындылары туралы жаңа деректер келуде, егер қорытынды санды өзгертсе, ол да онша көп емес. Кез келген жағдайда екінші тур жариялануы тиіс екені анық, — деп мәлімдеді «Орал апталығының» бас редакторы, тәуелсіз бақылау орталығының тең ұйымдастырушыларының бірі Лукпан Ахмедьяров.

Тәуелсіз бақылау орталығы жиналған құжаттарды сайлау учаскелерінде дауыс беру қорытындылары бар жалпы базаға өткізеді,оған азаматтық белсенділер мен бірқатар ҮЕҰ ел бойынша бақылаушылардың жалпы деректерін қалыптастырады. Қазір тәуелсіз бақылау және ОСК деректерімен расталатын алшақтықтың құқықтық салдары туралы заңгерлермен консультациялар жүріп жатыр.

ОСК сайлаудың түпкілікті қорытындыларын анықтау мен жариялауға және сайланған президентті тіркеуге 7 күн көзделген. ОСК төрағасы Берік Имашев дүйсенбі, 10 маусым күні өткен баспасөз мәслихатында еліміздің жаңа президентінің атын атауға болады деп айтты. Қ. Тоқаев 70,96% немесе 6 539 715 дауыс алғанын хабарлады.

Оппозициялық кандидат А. Қосанов сайлау аяқталған соң қарсыласы К. Тоқаевты жеңісімен құттықтап, өз сайлаушыларының жаппай наразылығын тудырды.

16 маусымда Орталық сайлау комиссиясы жаңа мемлекет басшысының есімін ресми түрде атады. Алайда, 12 маусымда Ақордада Қ. Тоқаевты елдің жаңа президенті ретінде ұлықтау рәсімі өтеді.

Тамара ЕСЛЯМОВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

15 − 2 =

x
2024-02-22
Утром-24.55 ℃
Днем-15.83 ℃
Вечером-17.43 ℃
Ночью-22.4 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра2.45 м/с
2024-02-23
Утром-24.42 ℃
Днем-14.6 ℃
Вечером-17.46 ℃
Ночью-22.77 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра2.56 м/с