Полицейлер 14 және 15 маусымда Орал тұрғындарының сұрақтарына жауап береді
Бұл жолы полицияның әр түрлі бөлімшелерінің қызметкерлері Әбілхайыр хан даңғылы, 159 мекен-жайы бойынша «Аяжан» СҮ ғимаратының жанында және Чапаев көшесі, 1/1 мекен-жайында орналасқан, В. Чапаев алаңында «Ақжол»гипермаркетіне қарама-қарсы «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізеді.

Облыс бойынша барлығы 20-дан астам азаматтарды қабылдау пункті жұмыс істейді. Халықтың ыңғайлылығы және туындаған мәселелерді шешу үшін жол, әкімшілік және тіркеу-емтихан бөлімдерінің бастықтары да жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы әр айдың ортасында өтуде. Арнайы жабдықталған автобустарда полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар бойынша мәселелерді шешуге, полициямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады.
Келесі акцияның қашан және қайда өтетінін, сіз полиция департаментінің сайтынан біле аласыз: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO және Instagram: @policebqo
Сондай-ақ осы күндері сіз БҚО полиция департаментіне «жедел желі»: 98-40-18, 8-775-412-19-86 телефондары арқылы хабарласа аласыз.
Маргарита Зябчук