БҚО-да жеке бизнесті қолдауға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді
Мұндай соманы мемлекет бөлді. Бұл ақшаның жартысы «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ-на жіберілді.
— Олар пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және гранттарды қаржыландыруға бағытталған. Жыл басынан бері біз 41 бизнес-жобаны қолдадық. Олардың бағыты — жиһаз жасау, мектепке дейінгі білім беру, өнеркәсіп газдары, сондай – ақ медициналық және көлік қызметтерін дамыту және жанар-жағар май сату, – деді индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Мейрам Қабдығалиев.
Мейрам Қабдығалиевтің айтуынша, биылғы жылы Орал мен Ақсай қалаларында жобаларды шағын несиелеуге республикалық бюджеттен 600 млн теңге бөлінген. Бұл ақша «Қазақстан Халық Банкі» мен «Банк Центр Кредит»банктері арасында бөлінген.
Кәсіпкерлерге берілетін несиелер екінші деңгейлі банктер арқылы өз ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге жылдық 6% – бен беріледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы-16 412 500 теңге. Несиелеу мерзімі-5 жыл.
– Ағымдағы жылы 2018 жылы қаражат қалдықтарынан 57 млн теңге сомасына 6 кредит берілді. 2018 жылы Орал мен Ақсай қалалары бойынша шағын несиелеуге 300 млн теңге бөлінді, оның 279 млн теңгесі республикалық бюджет есебінен және 21 млн теңгесі жергілікті бюджет есебінен. Оның ішінде, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 243 млн.теңгеден астам сомаға 26 несие берілді. Бұдан басқа, осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру құралы көзделген. Кепілдік беруге 54,3 млн теңге бөлінді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 255 млн теңгеге 44 кепілдік берілді, – деді Мейрам Қабдығалиев журналистермен кездесуде.
Мария Драчева