Оралда алты айлық Ерқанатқа дәрі-дәрмек сатып алынды

Ерқанаттың өмірлік маңызды препараттарын «Жұлдыз»қайырымдылық қоры алды.

Иллюстрациялық фото

4 айлық Ерқанатқа цитомегаловирустық бауыр циррозы диагнозы қойылды. Балаға шұғыл ампуладағы НЕОЦИТОТЕКТ және ампуладағы ЦИЛИВЕН дәрілері қажет болды. Бұл қымбат дәрі — дәрмектер (1 ампула неоцитотекта — 100 000 теңге, циливен-13,500 теңге) Оралдың дәріхана желісінде жоқ. «Жұлдыз» қоры «Орал апталығы» сайтында жарияланғаннан кейін балаға көмек көрсету туралы түрлі елдер мен қалалардан көптеген адамдар хабарласып, көмек қолын созды. Қарағанды, Астана, Ақтөбе, Мәскеу және Самарадан қоңырау шалды. Адамдар «Жұлдыз»қорына ақша алып келді, біреулері шотқа аударды.

«Жұлдыз» қоры балаға 1 млн 348 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмек төледі. Бүгін Алматыдан түнгі әуе рейсімен дәрі-дәрмек Оралға жеткізіліп, «Жұлдыз» қорының қызметкерлері оларды Ерканаттың ата-аналарына береді.

x
2020-02-29
Утром2 ℃
Днем3.41 ℃
Вечером1.07 ℃
Ночью-0.77 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.79 м/с
2020-03-01
Утром-1.74 ℃
Днем2.26 ℃
Вечером0.02 ℃
Ночью-0.82 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.55 м/с