«Орал апталығы» кеңсесінде тонау орын алды
Өткен түнде, таңғы сағат 4 – терде, «Орал апталығы» кеңсесіне ұрылар түсті. Ғимараттың сыртқы жағынан бір терезені сындыру арқылы олар ішке еніп, бір ноутбукті алып кетті.
Тонаушылар үй-жайға түскеннен кейін күзет дабылы іске қосылды. Алайда, күзет агенттігі қызметкерлері 3 минутта келсе де -ұрылар тілші Мария Мельникованың ноутбугін ұрлап, қылмыс орнынан қашып үлгерген. Ноутбуктен басқа ештеңе ұрланған жоқ. Оқиға орнына шамамен таңғы сағат 5-те келген «Орал аптасының» бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров, басында жоғалған нәрсені байқамаған.
Ноутбуктің жоғалғанын таңартең жұмысқа келген Мария Мельникова аңғарған. Оның айтуынша, ноутбукта құнды ақпарат болған.
Оқиға орнына сағат 10-да, осы істі тергеу және айғақты жинау мақсатында Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келді. Кинолог қызметтік итпен жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Алексей Воробьев