Сириядан қайтарылған БҚО тұрғыны сегіз жылға сотталды

Орал қалалық соты тұтқыннан босатылған 19 жастағы Орал тұрғынын 8 жылға соттады. Сотталушыны Сирияға оның кішкентай кезінде ата-анасы арып барған екен, тек Қызыл крест қызметкерлері тұтқыннан босатқаннан кейін ғана ол Отанына қайтарылды.

бай Хамзулинов /»Ақ Жайық» ТК бейнефильмінен скриншот»

Бүгін, 20 маусым күні Орал қалалық сотында 19 жасар Абай Хамзулиновқа үкім шығарылды. Отанына келгеннен кейін бірден баланы уақытша ұстау изоляторына орналастырып, оған «террористік ұйымға қатысу»бабы бойынша қылмыстық іс енгізді. Тергеу болжамдары бойынша, Абай Хамзулинов ИГИЛ тобының операцияларына қатысқан.

— Сот Абай Хамзулиновты «Террористік ұйымдарға қатысу» 257 бабының, 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, оны сегіз жылға жалпы режимдегі колонияға үкім шығарды, – деп үкім жариялаған судья Найлья Жүнісова.

Бұл бап бойынша ең төменгі жаза, деп нақтылады судья Жүнісова. 19 жасар жігіт үшін мұндай жазаны жарыссөз кезінде прокурор да сұрады.

– Біз сот шешімімен келіспейміз, өйткені Абай кінәлі емес. Ол ешқашан соғыс қимылдарына қатыспаған және теракт ұйымдастырмаған. Тек-Абайдың Сириядағы әскери лагерде болғаны, оны оған баруға мәжбүр еткен, — дейді сотталушының әпкесі Сәуле Курьян соттан кейін.

Туған-туысқандарының айтуынша, Абай Хамзулиновтың ата-анасы оны 15 жаста болған кезде Түркияға алып кеткен. Сирияға барудың себебі отбасы әкесінің діни көзқарастары болды. Абайдан басқа отбасында кіші әпкесі де бар. Абайдың анасы оның әпкесімен бірге Түркияда қалды,ал әкесі ұлын алып, Сириямен шекараны кесіп өтті. 16 жасқа толғанда, бір жылдан кейін баланы Сирия аумағындағы балаларға арналған әскери дайындық лагеріне алып кетті. Бұл барлық жасөспірімдер үшін міндетті шарт, дейді Абайдың туыстары. Бір жылдан кейін жасөспірім сол жерден қашып, курдтарға тұтқынға түсті.

– Тұтқыннан Абай Қазақстан үкіметіне, Қызыл Крестке, оны босату үшін хат жазды. Ол Қазақстанға, туған-туыстарына оралғысы келді. Оның Еуропаға немесе Америкаға баруға мүмкіндігі болса да, ол Отанын таңдады. Ағасы тіпті мұндай күйзелістерді бастан кешіріп, 18 жаста отанына қайтып оралғаннан кейін оны отырғызады деп ойлаған жоқ, — дейді Сәуле Курьян.

Туғандар 19 жасар жас жігіт (Абай 19 мамырда, ол УҰИ-да отырғанд толды) кінәлі емес деп сендіруге тырысты және сотты «Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту» 260 – бабына қайта саралауды сұрады.

– Біз оның дайындықтан өткенін мойындаймыз, бірақ Абай терактіге қатыспаған. Енді ол сегіз жылға сотталды. Сириядан келген жігіттер үш бап бойынша сол мерзімге сотталды. Сот бізді естігісі келмеді, – дейді Сәуле Курьян.

Қазір туыстары бірінші сатыдағы соттың шешімін даулап, облыстық алқаға апелляциялық шағым беруге ниетті.

Қазіргі уақытта Абайдың отбасының барлық мүшелері Қазақстанда. Оның әкесі қамауға алынып, терроризм мен экстремизмді айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мария  Мельникова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

thirteen − four =

x
2024-02-29
Утром-17.03 ℃
Днем-5.74 ℃
Вечером-9.79 ℃
Ночью-11.4 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра1.51 м/с
2024-03-01
Утром-13.83 ℃
Днем-4.08 ℃
Вечером-7.66 ℃
Ночью-12.16 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра1.5 м/с