Оралда ЖЭО-дағы турбинаны күрделі жөндеуден өткізуге 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
Жапон газтурбиналық қондырғысын жөндеу жұмыстары 1 шілдеде басталады. Қала тұрғындарына мазаланудың қажеті жоқ, ыстық суды өшірмейді, оны жылыту және беру сол режимде жалғасады.

Газтурбиналық қондырғы (ГТҚ). N-25″Mitsubishi Hitachi Power Systems»компаниясы 2006 жылы пайдалануға берілген. Турбинаның қызмет ету мерзімі-25 жыл.
– Бұрын қондырғыны күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Біз ГТҚ негізгі инспекциясын өткізу бойынша техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасастық. 30 Маусымда бізге турбинаны жөндеумен айналысатын Жапониядан өндіруші зауыттың өкілдері келеді. ГТҚ үшін қосалқы бөлшектер «Mitsubishihitachiowersystems, Ltd» өндіруші зауытымен дайындалған және жеткізілген.Күрделі жөндеу бойынша шығындардың жалпы сомасы 1,275 млрд.теңгені құрайды,- деді «Жайықжылуқуат»бас директорының кеңесшісі Вячеслав Солодилов.
Вячеслав Солодиловтың айтуынша, ГТҚ жөндеу кезінде станцияның жалпы электр қуаты 23 МВт-тан 8 МВт-қа дейін төмендейді (яғни 15 МВт-қа), бірақ жылу энергиясын жіберуге әсер етпейді. Себебі, қала тұтынушыларын ыстық сумен жабдықтау бу турбиналары мен ЖЭО энергетикалық қазандықтарының жұмысымен қамтамасыз етіледі.
Шарт бойынша турбинаны күрделі жөндеу жану камерасы мен ыстық жолды инспекциялау, турбинаның 1,2,3 сатысындағы қалақтар мен бандаждарды ауыстыру және мойынтіректерді ауыстыру жұмыстарын қамтиды. Қосымша: корпусты жарықтар мен эрозияның болуына зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ, компрессорды үйкеліс, майысу, жарықшақтар, қисаю және зақымданулардың пайда болуына тексереді. Подшипниктер мен сальниктердегі саңылауларды тексеру тазалық пен тозу деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылады.
Турбинаны жөндеу 15 тамызда аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы бұл қондырғыға «Жайықжылуқуат» АҚ қосалқы бөлшектерін Ресей компаниясынан «Турбопромсервис» ЖШҚ тапсырыс берген болатын. Алайда, бұл мәміле қылмыстық іске ұласты: ресейлік компанияның қосалқы бөлшектері жапон қондырғысына келмеді, және қазақстандық тарап 349 миллион теңгеден айрылды. Осыдан кейін «Жайықжылуқуат» АҚ басшылығы турбина жасаушы зауыттың жапондық өкілдерімен келіссөздер жүргізе бастады.Ол кезде жапондықтар 2016 жылы күрделі жөндеумен айналысады, ал жұмыс құны 800 миллион теңгені құрайды деп болжанған еді.
Мария Драчева