БҚО-да Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасуда
Азық-түлікпен және бірінші қажеттілік құралдарымен алғашқы үлкен жүк жөнелтілді.
– Азық-түлікпен тиелген екі жүк көлігі, біреуі толық макарон өнімдері, өйткені Түркістаннан макарон өнімдері мүмкіндігінше көбірек қажет деген хабар келді, – деді кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Бағдәулет Ибраимов. Екінші жүк көлігінде құс еті – 5 тонна, шұжық өнімдері, күнбағыс майы — 2 тонна, ұн — 6 тонна, қант және тұз жіберілді. Сондай-ақ тұрмыстық химия заттары, сұйық сабын,дәретхана қағазы,майлықтар. Трагедия күні құрылыс материалдарымен жүк көлігі жіберілді.
Бағдаулет Ибраимовтың айтуынша, гуманитарлық көмек жинау акциясын қаланың кәсіпкерлік басқармасы мен кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды. Акцияны қала кәсіпорындары қолдады:»Белес Агро»,»Кублей»,»Жайық ет»,»Орал трансформатор зауыты»,»Теректі май комбинаты».
Мария Драчева