Оралда полицейлер бір тәулік ішінде 3 тонау ісін ашты
Полиция қызметкерлері ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстарды ашты.
24 маусымда шамамен сағат 03.30-да. азиаттық екі ер адам Мәскеу көшесіндегі «Достар» кафесінің жанында Орал қаласының 26 жастағы тұрғынынан құны 45 мың теңге тұратын «Самсунг А-3» маркалы ұялы телефонын тартып алған. Жедел-алдын алу шаралары бойынша қылмыскерлер анықталып, ұсталды. Олар: Теректі ауданының 37 жастағы тұрғыны қазіргі уақытта ешқайда кетпеу туралы қолхат алды. 46 жастағы ер адам қазіргі таңда қаланың уақытша қамау бөліміне қамалды. Куәгерлік базасы арқылы қылмыскерлер толықтай жауап берді. ҚР 191-бабының 1бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады. Не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы күні сағат 17.30-да Х. Чурин көшесі ауданында ІІ топтағы 26 жастағы мүгедекке белгісіз адам шабуыл жасады. Күш қолдану арқылы ер адамның сөмкесін тартып алған. Оның ішінде қара түсті портмоне 5 000 теңге, банкоматтың 2 картасы болған. Оқиғадан соң жәбірленуші полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні ұстады. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол өз кінәсін мойындады. Полиция басқармасында бұрын шабуылшы 9 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы, үш рет тонау, бірнеше рет ұрлық, бір рет қарақшылық жасағаны, сондай-ақ тонаушы және ұры ретінде полицияда есепте тұратыны анықталды. Бірнеше жыл бұрын ол соңғы құқық бұзушылық үшін жазасын өтеу орнынан босатылды.Орал тұрғыны енді өзінің тұрғылықты жерін өзіне үйреншікті қамау орындарына қайта ауыстырады. Оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі ( тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жаза белгінеді.)
25 маусым күні сағат 22.30-да, 30-35 жастағы, орта денелі азиялық тонаушы Хусайнов көшесіндегі «Ырыс» кафесінің жанында, құны 50.000 теңге тұратын «Редми» маркалы ұялы телефонын 19 жасар Орал тұрғынынан тартып алған. Орал қаласының 32 жасар тұрғыны анықталып, ұсталды. Куәгерлер базасы арқылы жауап беруде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады қалалық ІІД КҚПБ аға инспекторы, полиция майоры Динара Абдулқаликова.
Мария Драчева