Арыстан көшірілген адамдар митингке шықты (БЕЙНЕ)
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін эвакуацияланған Арыс тұрғындары Шымкент қаласындағы Орталық «Ақмешіт» мешіт ауданында рұқсат етілмеген митингке шықты, деп хабарлайды inforburo.kz. Жүзден астам адам биліктен Шымкент қаласынан пәтер талап етуде. Адамдар Арыс қаласына оралғысы келмейді.

Арыс қаласының тұрғындары қалаға оралғысы келмейді және басқа елді мекендерден жер бөлуді сұрайды.
«Біздің талап – бұл басқа жерден үй, Арыс қаласына ешкім қайтып оралғысы келмейді, – дейді Бауыржан есімді наразылық білдірушілердің бірі. – Онда қауіпті, адамдар қаза тапты».
Митинг орнына Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келді. Ол эвакуациялық пункттердің бірі орналасқан мешіттің ішінде Арыс қаласының тұрғындарымен сөйлесе бастады. Мешіт ішінен намаздың үні қатар естіледі.
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, жарылыс кезінде зардап шеккен Арыс тұрғындарының үйлері бір ай ішінде қалпына келтіріледі.
Бұған дейін Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындары апта соңында үйлеріне қайта бастайды деп хабарлады.
«Жұмаға дейін адамдарды эвакуациялық орталықтарда күтіп тұруды сұраймыз, бұл төтенше жағдай», – деді Сәкен Қалқаманов.
Мария Мельникова
