Қазақстандықтарға шекарадан өту кезінде мекенжай анықтамасы қажет емес
БҚО көші-қон қызметі басқармасы жаңа заңға сәйкес Қазақстан тұрғындарына шекараны кесіп өту үшін мекенжай анықтамасы қажет деген қауесетті жоққа шығарды.

Көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Нұралмас Мұқанұлы телефон арқылы сөйлескенде бұл ақпараттың қате екендігін хабарлады.
– Жоқ, мұндай заң болған жоқ. Мемлекеттік шекараны кесіп өту паспорт бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда мекенжай анықтамасы қажет емес, — деді ол.
Алексей Воробьев