Оралда қаланың жартысы сусыз қалды
Апат 26 маусымда кешке КСС-та орын алды, себебі анықталуда. Авариялық жұмыстарға байланысты қаланың солтүстік-шығыс бөлігі мен Деркөл кенті сусыз қалды.
«Орал, Деркөл ауылы №19А КСС маңында диаметрі 800 мм канализациялық коллектордың құбыры жарылды. Апат себебі мен абоненттер саны анықталуда», – деп хабарлады»Батыс Су Арнасы».
Маргарита Зябчук