БҚО-да он бес жасар қыз суға кетті
Қайғылы оқиға Теректі ауданының Подстепное ауылында орын алған.

— 27 маусым күні сағат 17-20-да Теректі ауданы Подстепное ауылының шетінде 15 жасар қыз батып кетті. ТЖ департаментінің 5 қызметкері арнайы құралдар мен 1 бірлік техника көмегімен қыздың денесін судан алып шықты. Ол сағат 16-00 — де суға түсу кезінде жабдықталмаған орынға батып кетті,-деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Мария Драчева
