Оралда КСС қайта су құбыры жарылды (БЕЙНЕ)
28 маусым күні таңертең Орал қаласындағы кәріз коллекторының қайта жарылуы орын алды. Апат екі күн бұрын болған алғашқы жарылған жерді жою аяқталған кезде орын алды.

Кәріз коллекторында екінші құбыр жарылғанын, «Орал апталығының» журналистері апат болған жерге келгенде білді. Батыс Су Арнасы қызметкерлерінің айтуынша, олар бірінші апатты жою бойынша жұмыстарды аяқтаған кезде коллектордың параллель желісі арқылы шыны талшықтан жасалған құбыр жарылды.
«Батыс Су Арнасы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Салават Айбатовтың айтуынша, апат бірінші жарылыс болған учаскеде, тек жөндеуден өткен құбырда болған.
— Жағдай қиын емес. Қазір екі құбыр да су астында қалды. Қазаншұңқырдан суды сорып алыа, біз дәнекерлеу жұмыстарын қайта бастаймыз, кез келген жағдайда бүгін су береміз, — деп хабарлады Салават Айбатов.
Бұл ақпаратты қала әкімдігінде де растады. Атап айтқанда, әкімдіктің баспасөз қызметі:
«Жарылыс резервтік жұмыс істемейтін тармақта орын алды. Бұл қаланың солтүстік-шығыс бөлігі тұрғындарына су беруге әсер етпейді. Бүгінгі таңда «Батыс Су Арнасы» ЖШС жұмысшылары резервтік тармақты жөндеуге кіріседі».
Маргарита Зябчук
