БҚО-да мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға өтініштер қабылдау басталды

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлер қаланың жаңа ауданында Орал-Саратов тас жолы бойында салынып жатыр.

Иллюстрациялық фото

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші-қатысушы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адам «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы қолданыстағы шарт ашуы немесе болуы қажет.

– Пәтер сатып алу үшін банк клиенттеріне шотта ең төменгі бастапқы жарнаның 20% мөлшерінде болуы жеткілікті, сонда олар жылдық 5% жеңілдікті ставка бойынша алдын ала қарыз ала алады. Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны 140 000 теңгені құрайды. Үш тұрғын үйдің құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда,- деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымқан.

Диас Рахымқанның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй жеңілдікті шарттар бойынша жүзеге асырылуда.

ҚР азаматтығының болуы немесе оралман мәртебесі

Қазақстан Республикасының аумағында өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде тұрғын үйдің болмауы соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы

кандидат тұру мерзіміне қарамастан тұрғын үй алуға үміткер елді мекенде тұрақты тіркеуінің болуы

төлем қабілеттілігін растау

Сондай-ақ, Диас Рахымқан «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш беруші тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинақталуы тиіс екенін атап өтті. Бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 5 609 800 теңгені құрайды, сәйкесінше бастапқы жарна 1 121 960 теңгеден кем болмауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем алғашқы 8 жылда 37 960 теңгені құрайды, одан кейін ол 18 244 теңгеге дейін төмендейді, оны клиенттер 11 жыл ішінде төлейтін болады.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.47 ℃
Днем-1.39 ℃
Вечером-2.31 ℃
Ночью-2.62 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.02 м/с
2025-01-21
Утром-8.36 ℃
Днем-10.28 ℃
Вечером-11.27 ℃
Ночью-13.13 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра9.68 м/с