Оралда апат кезінде автобуста 60 адам болған
Маршруттық автобус пен Лада 2114 автомобилінің ЖКО Чагано – Набережная көшесінде орын алды.
1 шілдеде № 5 қалалық маршрут бойынша жүріп келе жатқан «Mercedes benz» автобусында 50-60 шақты жолаушы болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, ЖКО себептері анықталуда. Оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі ауруханаға 2114 Ладаның жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді ,- деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.
Полиция департаментінде жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне өте мұқият болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға өтініш білдірді, себебі олар өз жолаушыларының өміріне жауапты.
Мария Драчева