БҚО-да бір жасар бала құдыққа батып кетті
Қайғылы оқиға бүгін, 2 шілде күні Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының маңында Қызылтал ауылында орын алған.

Қайғылы оқиға Қызылтал ауылы Бота көшесіндегі №37 жеке үйде орын алды. Түскі бір шамасында бір жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып, құдыққа құлап, суға батып кетті. Баланың денесін туыстары алып шықты.
Мария Драчева