БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Облыс әкімі Ғали Есқалиев өзінің жаңа орынбасарын тағайындады. Бұрын астана әкімдігінде жасаған 48 жасар Аманжол Алпысбаев әкім орынбасары болды.

«Алпысбаев Аманжол Әлиханұлы – 1971 жылы туған, білімі-жоғары, Алматы технологиялық институтын «инженер-технолог» мамандығы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандығы бойынша бітірген», — делінген облыс әкімдігінің сайтында.
Сайтта хабарланғандай, әр жылдары ол жұмыс істеді:
— ҚР қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде,
— ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша ТМРА департаментінің директоры,
— департамент директоры, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
Тағайындалғанға дейін Нұр-сұлтан қалалық әкімшілігінде жұмыс істеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТКШ саласындағы стратегиялық жоспарлау мәселелеріне, сондай-ақ тарифтік саясат, МЖӘ дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Маргарита Зябчук
