Ұйымдасқан топ үш жыл бойы БҚО-да мал ұрлады
Полиция қылмыскерлерді ұзақ ұстай алмауының себебі куәгерлердің жоқтығымен және осы қылмысты тергеу кезінде егжей-тегжейлі мұқият зерделеумен түсіндірді.
– Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданының тұрғындары сотталды. Төлегенов «Ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету» 262-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру – және 188-баптың «Ұрлық, ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу не телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту арқылы жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.О. Даулетьяров 7 жылға және С. Бисенбаев 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Олар 262-баптың 2-бөлігі «Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», — деді БҚО ІІД полиция майоры Ерлан Жақсыбаев.
Оның айтуынша, қылмыстық топ 2015-2018 жылдары әрекет еткен. О. Даулетьяров пен С. Бисенбаев еркін жайылған малды ұрлап, кейіннен Ақтөбе және Атырау облысының аумағында сатқан.
– Олар барлығы 118 бас мал мен 26 жылқы ұрлады. Мал ұрлығына байланысты 40 адам зардап шекті. Олардың іс-әрекеттерінен келген шығын 27 млн 295 мың теңгені құрады, – деп толықтырды БҚО ІІД полиция майоры.
Оның айтуынша, мал ұрлығының себебі-жұмыссыздық. Сонымен қатар, мал еркін жайылымда ұзақ уақыт бойы иесінің бақылауынсыз жүр. Ал малдың жоғалғаны туралы өтініштер иелері кеш келіп түседі.
Маргарита Зябчук