Оралда жалғыз басты әке биліктен көшуге рұқсат сұрайды (БЕЙНЕ)

Рафтан Бахирев жатақхананың үшінші қабатындағы газсыз шағын бөлмеде газ баллонын пайдаланып,кішкентай балаларымен тұрады. Төменгі қабатта жылға жуық екі бөлмелі пәтер бос тұр. Онда табиғи газ қосылған. Бірнеше ай Рафтан қала билігінен бос бөлмелерге қоныстануға рұқсат сұрауда.

Рафтан Бахирев балалары Надия және Эльдармен

Бұл бөлмеде ер адам 15 жыл тұрады, оны балалар үйінің тәрбиеленушісі ретінде берді. Рафтан бөлмесінің қабатына баспалдақпен көтеріле отырып, кіреберістің жарылған қабырғалары мен бөлменің дәл алдында ашылатын есіктері көрінеді және жағымсыз иіс мұрын жарады. Қараңғы дәліздің соңында жарық көрініп, балалар күлкісі естіледі – бұл бөлмеде қонақтарды күтуде. Балалар мөлдір көздерімен бізді қызықтап қарауда. 5 жастағы қыз және 4 жасар бала – Надия және Эльдар Рафтанның балалары. Кіреберістегі иіс бөлмеде әлсіз шығып тұр.

– Иіс сезіп тұрсыз ба, бұл кеткені. Жатақханада бүрге пайда болып уладық. Маған тіпті диванды лақтыруға тура келді, сондықтан еденде ұйықтаймыз, – дейді Рафтан.

Кішкентай бөлме ескі, бірақ таза матамен бөлінген. Бір бөлігінде-үстел, екі тумбочка, екікамфорлы плита, оған газ баллоны тартылған. Екінші жағында- раковина үстінде ыдысы бар сөрелер.

– Бөлмеде газ жоқ, әр 10 күн сайын баллонды толтырамын. Оны толтыру үшін 1600 теңге төлеймін, – дейді Рафтан.

Оның айтуынша, ол жақында көршілерден екінші қабатта, оның бөлмесінің астында екі бөлме бос тұрағанын білді.

– Онда табиғи газ жүргізілген. Бізде барлық жатақханаларда газ қосылған, менің және көрші бөлмеден басқа. Менде ақша жоқ. Жалпы газ құбырына қосылу үшін 200 мың теңге қажет. Төменде бос бөлме құлыптаулы тұр. Коммуналдық қызмет үшін қарыз түбіртегі есігінде қыстырулы. Егер маған көшуге рұқсат етсе, мен оларды төлеймін, – дейді Рафтан.

Бос бөлмелерге көшуге болатынын білу үшін Рафтан қала әкімінің орынбасары Сергей Доляға жүгінді.

– Сергей Евгеньевич менің жағдайымды шешуге болатынын айтты, – дейді Рафтан.

Рафтанның айтуынша, қала әкімінің орынбасарынан кейін ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, өз сұрағын шешу үшін барды.

— Мен жетінші кабинетте қабылдайтын тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиевтің қабылдауында болдым. Ол маған осы бөлмені де тартып алмай тұрғанына қуан деп айтты. Себебі бұл бөлмелер мүгедектерге арналған екен. Бірақ мүгедектерге жағдай қажет қой. Бірақ Ерлан Шайхиев маған егер бір мүгедекке ұнамаса, екіншісі табылатынын айтты. Егер мен жалғыз тұрсам, алаңдамас едім. Ал менің балаларым кішкентай ғой, – дейді екі баланың әкесі.

Ерлан Шайхиев сапарынан кейін Рафтан қала әкімі Мұрат Мұқаевқа жазылды.

— Мені тез қабылдағаны таң қалдырды. Менің мәселемді тыңдап болған қала әкімі шешуге уәде берді, бірақ әзірге шешім жоқ.

Маусымның басында Рафтан Бахирев облыс әкімінің қабылдауында болды. Сол кезде бұл қызметте Алтай Көлгінов болған.

– Алтай Көлгінов маған тұрғын үй бағдарламасы туралы, банк туралы және банктің шотына 500 мың теңге салу керек екендігі туралы айтып берді. Сонда ипотекаға пәтер сатып алу үшін менің өтінішімді қарастыруға болады екен, – деді Рафтан.

Әңгіме жалғасуда ер адам аздап ашулы.

— Ал менде мұндай ақша қайдан келеді? Мен үшін бұл өте үлкен сома, қазіргі уақытта менің өмірім. Мен тек төменге, табиғи газды кең бөлмеге көшуге рұқсат беруді сұраймын. Онда ешкім тұрмайды, құлыптаулы тұр. Мен онда жөндеу жасап, дәретхана қояр едім. Қолдарым орнында, көп нәрсе істей аламын. Балалар үйінен кейін ағаш шеберіне оқыдым, мен еңбек өтілі бар жүргізушімін, жұмыстан қорықпаймын, — дейді Рафтан.

Ер адам балалар үйінде өскен болса да, анасына өкпелі емес. Оны сол жерге тапсырса да. Өз балаларының анасына да кек сақтамайды.

– Әркімнің өз өмірі бар, өзіміз таңдау жасаймыз. Өкінішке орай, барлық әйелдерге олардың балалары қажет емес. Бірақ мен өз балаларымды балалар үйіне тапсырмаймын, маған қиын болса да. Олардың анасы жоқ, бірақ әкесі бар. Мен 55 жастамын, өмірімнің жартысын сүрдім деп айтуға болады. Менің қалайтыным бір-ақ нәрсе бос тұрған газы бар екі бөлме. Маған және балаларға оңайырақ болар еді, — дейді ер адам.

Рафтанның айтуынша, ол жаңа облыс әкімі Ғали Искалиевтің қабылдауына жазылған. Одан ұялы телефон нөмірін алып, облыс әкімімен сөйлесер кезде қоңырау шалып, хабардар етуге уәде берген.

— Мен бәрі жақсы болады деп үміттенемін, маған балалармен бірге төменгі қабатқа көшуге рұқсат береді, —деп Рафтан Бахирев қызымыз бен ұлын құшақтап әңгімесін аяқтады .

«ОА» журналистері Сергей Долямен сөйлесе алмады. Телефонмен хатшысы оның ауырып қалғанын айтты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде бүгінгі таңда Луговая, 47/1 мекен-жайындағы жатақхананың екі бөлмелі пәтері алты адамнан тұратын отбасына беріледі, оның үшеуі мүгедек деп айтты. Осыған байланысты Орал қаласының ТКШ бөлімі аталған пәтерді рафтан Бахиревке бере алмайды.

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-15
Утром-12.09 ℃
Днем-7.19 ℃
Вечером-5.12 ℃
Ночью-4.41 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.24 м/с
2024-12-16
Утром-2.92 ℃
Днем0.37 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.29 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра10.78 м/с