Оралда жедел жәрдем көлігі арыққа түсіп кетті
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігін Жигули кесіп өтіп, жол-көлік оқиғасынан кейін кетіп қалған. Зардап шеккендер жоқ.

— Мен апат сәтін көрген жоқпын, бірақ куәгерлер оқиға таңғы сағат 8-де болғанын айтты. Жигулидің бесінші әлде жетінші маркасы жедел жәрдем көлігінің жолын кесіп өтіп, сосын кетіп қалған,- дейді «Әлем-Плаза» сауда орталығының күзетшісі Мәлік.
Апат куәгері айтып өткендей, жедел жәрдем шыршаға соғылып, оны тамырымен жұлып алған. Кінәлінің машинасын тауып, эвакуаторға тиеді. Апат егжей-тегжейі анықталуда.
Маргарита Зябчук
Фото: Маргарита Зябчук
