Оралда экскаваторшы әріптесін тірідей көміп тастаған (БЕЙНЕ)

Өткен сенбіде құс фабрикасы ауданындағы саяжай қоғамында жазатайым оқиға орын алды. Су құбырын төсеу кезінде экскаваторшы жұмысшыны топырақпен байқамай көміп тастаған. Оны туғандары іздеу салғаннан соң тек екі күннен кейін қазып алды.

Абайсызда адам мерт болған болған жер.

65-жастағы саяжай қоғамының тұрғынын 6 шілде, сенбі күні кеште жұмыстан үйге келмегесін туыстары іздеу салады. Сол күні ол саяжай қоғамында су құбырын тарту үшін экскаватор механизаторына ор қазуға көмектесіп жүрген.

– Жұмыстан кейін оны іздестіре бастады, өйткені оның ескертпей кетіп қалуы мүмкін емес, ол ешқашан ішімдік ішпеген дейді оның жұбайы. Екі күн іздегеннен соң, үшінші күні полиция қызметкерлері сенбіде кешкісін трактор қазған орды кері қазуға шешім қабылдады. Ол жерге қазған кезде өлі денені тапты, – деді жергілікті тұрғындардың бірі Асхат Баетов.

– 1995 жылы туған жас бала трактор механизаторы. Оны осы жұмысқа біздің қоғамның төрағасы алды, біз бірнеше рет төрағаның назарын осы жігіттің тәжірибесіз екеніне аудардық. Сонымен қатар, ол тракторда қуатты колонкамен магнитолла орнатып, музыка дауысы бүкіл кентке естіліп тұратын. Қайғылы оқиға кезінде ол тіпті өзінің серіктесінің айқайларын естімеген болар, – деп есептейді жергілікті тұрғын Роллан Өтеғалиев.

Қазіргі уақытта полиция осы факті бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі «Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан» бойынша басталды. Осыған қарамастан, саяжай қоғамының тұрғындары бұл қайғылы оқиғаға наразы. Олардың пікірінше, ол саяжай қоғамының төрағасы Асылбек Қабесовтың қызметіне байланысты болуы мүмкін.

Бұл оқиға дүйсенбі күні жергілікті тұрғындардың шағын шеруіне себеп болды. Жиналғандардың пікірінше, құбырмен жұмыс істеу кезінде адам қазасына, саяжай қоғамының төрағасы кінәлі. Өйткені, тұрғындардың айтуынша, жұмыс Асылбек Қабесовтың басшылығымен оның жеке техникасын пайдалана отырып жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, төраға қажетті құжаттарсыз жұмысқа жеткіліксіз білікті адамдарды жалдады.

Кейінірек «ОА» редакциясына осы жерде екі жыл бұрын құбыр тартқан «Батыс қақпасы» компаниясының басшысы Игорь Имашев хабарласты. Ол тұрғындардың сөздерін растады. Мердігердің айтуынша, Асылбек Қабесов атқарылған жұмыс көлемі үшін оған ақша төлеуден бас тартты.

— Бұл екі жыл бұрын болды. Біздің фирма осы учаскедегі жұмысты жалғастырудан бас тарқасын, шамасы Асылбек Кабесов өзі, арнайы техникамен жұмыстарға жіберу рұқсат қағазы жоқ адамдарды, өз техникасымен жұмыс істеуге тартып су құбырын тартумен айналысқан болар. Бұл немқұрайлылық қайғылы оқиғаға себеп болды, – дейді Игорь Имашев.

Асылбек Қабесовтың өзі жағдайға түсініктеме беруден бас тартты.

– Әзірге тергеу жүріп жатыр, Мен сізге ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Сізбен де кездесе алмаймын, себебі мен кетіп барамын, қайда екенін айта алмаймын. Мердігерге қатысты ол өзіне жүктелген жұмысты өзі орындамады, соның салдарынан одан шеттетілді,-деп хабарлады ол.

Алексей Воробьев, Нұрлыбек Емрановтың бейне материалы.

x
2020-09-19
Утром16.61 ℃
Днем17.76 ℃
Вечером12 ℃
Ночью11.96 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.84 м/с
2020-09-20
Утром8.54 ℃
Днем14.23 ℃
Вечером10.36 ℃
Ночью8.55 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.97 м/с