Шалқар көлінде желмен алып кеткен үрлемелі қайықтағы төрт адам құтқарылды

Құтқарушылар жағадан 6 шақырым жерде адамдары бар үрлемелі қайықты тапты. Зардап шеккендер жоқ.

Суретті БҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, хабарлама 9 шілде күні сағат 17:05-те «112» нөміріне келіп түскен.

Суретті БҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынды.

– Теректі ауданының Сарыөмір ауылында, Шалқар көлінде үрлемелі қайықпен тұрғындарды белгісіз бағытта алып кеткен. Сағат 17.45 – те 4 адам: 11 жасар қыз, 8 жасар бала және 33 жастағы екі ер адам табылды құтқарылды,-деп хабарлады БҚО ТЖД бас маманы Нұралы Мусиев.

Оның айтуынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Маргарита Зябчук

x
2020-09-19
Утром16.61 ℃
Днем17.76 ℃
Вечером14.33 ℃
Ночью12 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.84 м/с
2020-09-20
Утром8.73 ℃
Днем14.23 ℃
Вечером10.36 ℃
Ночью8.55 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.97 м/с