КПО б.в. компаниясының басшылығы барлық қызметкерлер үшін тең еңбек жағдайларын сақтау туралы мәлімдеген

Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Karachaganak Petroleum Operating B. V компанияның бас директоры Эдвин Бломмен кездесуінде компанияны мердігерлік ұйымдардың еңбек ұжымдарындағы жағдайды бақылауды күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіден алынған фото

«Бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары білікті, соның ішінде үшінші және төртінші санатты мамандар даярлануда. Сондықтан Қазақстанда жоқ мамандарды қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тартудың қажеттілігі жоқ. Қызметкерлердің еңбекақысын инфляция деңгейінен төмен емес жыл сайын арттыруға, сондай – ақ жұмысшылардың негізсіз қысқаруына жол бермеуге ерекше назар аудару қажет», – деп атап өтті министр.

Эдвин Блом компания жыл сайын барлық сала бойынша жалақы мониторингін жүргізетінін хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы Батыс Қазақстан облысы бойынша орташа жалақыдан 3,3 есе жоғары.

«Компания кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін әділ және тең еңбек жағдайын сақтады. Ұжымдық шарт арқылы компания басшылығы мен қызметкерлер арасында тұрақты диалог мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Осыған ұқсас талаптар мердігерлік ұйымдарға да қойылады. Біз олардың жағдайын, соның ішінде еңбек заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы үнемі бақылап отырамыз», – деп атап өтті Эдвин Блом.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-11.67 ℃
Днем-8.35 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с