Ақсайда экологтар торғайлардың өлу себебін іздеуде

БҚО орман шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ақсай қаласында торғайлар өлімінің себебін зерттеу басталғанын хабарлады.

Ақсай ауласының бірінен табылған торғайлардың өлекселері.

— Кеше экология департаментінің зертхана қызметкерлері оқиға орнына шығып, ауа атмосферасына және судың ластануына талдау жасады. Бірінші талдаудың нәтижелері көрсеткендей, сол жердегі ауа толық тәртіпте. Суға талдау нәтижелері дүйсенбі күні дайын болады, — деді Закария Тұралиев.

Ол сондай-ақ, 17 шілдеде зертхана қызметкерлері сараптамаға 10 торғай алғанын, бірақ олар зерттеуге жарамсыз болып қалғанын атап өтті.

— Сондай-ақ зертхана қызметкерлері тағы 2 құс мәйітін сараптауға алды, олар құс өлімінің бір нұсқасы ретінде құс тұмауын анықтауға жіберіледі, — деп мәлімдеді ол.

Закария Тұралиев айтқандай, өлу себептері көп болуы мүмкін: жаңбырдан бастап найзағайға дейін, тұрғындардың бірінің төккен уланған суына түсуден.

— Зерттеу нәтижелерінің күні әзірге белгісіз, ол зертханалық зерттеулердің жылдамдығына байланысты, — деп қорытындылады ол.

Бұған дейін экология министрі БҚО орман шаруашылығы басқармасына Ақсай қаласында торғайлардың жаппай қырылу себебін анықтауды тапсырды. Бұл туралы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі бетінде хабарлады.

Twitter бетінде экология министрінің хабарламасы.

— Мен Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы басқармасына Ақсай ауданындағы торғайлардың жаппай қырылу себебін анықтауға тапсырма бердім. Зерттеу нәтижелері жарияланатын болады, — деп жазды экология министрі өз аккаунтында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақсай тұрғындары бірнеше ауданда торғайлардың өлекселерін тапты. Алаңдаушылық білдірген тұрғындар құстардың өлімінің жергілікті СЭС берген болжамға сенбейді және қаладағы экологиялық жағдайға алаңдайды.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-12
Утром-4.18 ℃
Днем-2.21 ℃
Вечером-0.79 ℃
Ночью-0.41 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.5 м/с
2025-12-13
Утром0.26 ℃
Днем1 ℃
Вечером0.55 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 994
Скорость ветра7.37 м/с