Үрейде тұтқында

Полиция мен соттардың статистикасы әйелдерге қатысты ерлердің агрессиясының өсуін көрсетеді. Біздің елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырамас үшін әйел не істеу керек және ол бұл ретте неге сүйене алады?

Әлеуметтік желіден сурет

651 әйел жыл басынан бері өзінің отбасында күйеуінің немесе басқа ерлердің күш қолдануына ұшырады.Әрбір жағдай-әйел мен балалардың денесі мен жанына жазылмас жара салып, анасының таяқ жегені есте қалады.

39 жасар Венера Шарипованың қастары арасында терең тыртық іздері, ерінінде жырылған жара іздері бар.Ауызда бірнеше тістері жоқ.

– Бұл күйеуім мені оқтаумен ұрды, мен оған араққа ақша бермедім, – деп Венера бетін қолымен жабады.Біз онымен Оралдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған дағдарыс орталығында сөйлесіп отырмыз.

Венера қатты соққыдан есінен айырылды.Соққының әсерінен бет терісі жұлып, еті жалбырап қалды.Сосын солай бітіп кетті.

– Бұрылып үлгермедім, – дейді Венера.

Сосын күйеуі туралы былай дейді: -Керемет көңіл күйде жүреді де, аяқ астынан шарт ашуланып, жұдырық ала жүгіреді. Беттен жұдырықпен, оқтаумен сабайды. Қолына не түседі сонымен ұрады…Өте қорқынышты, өйткені қашан ұрып қаларын білмейсің…

Венераның қызы төртте.»Мен өмірде бір рет бақытты болдым-оны туған кезде»,-дейді әйел. -Ол бір жастан бері, мен белгі бергенде үйден қашу керектігін білді. Бірақ құтылып кеткен кездер әркез бола бермейтін.

– Ол менен көп, шамамен 20 жастай үлкен», – дейді Венера күйеуі туралы. – Ол ешқашан жұмыс істемеді, тек қана балық аулап, соны сатты.

Оның өзі көп жыл бойы көкөніс плантацияларында жұмыс істейді. Қара қоңыр дақтар оның беті мен қолдарында қалып қойған. Ол дағдарыс орталығына түсуіне көмектескен адамдарға риза.

– Ең бастысы-құжаттарды алу. Маған ауылыма оралуыма тура келеді. Онда менің жұмысым да бар және қызымды қалдыратын кісі де бар. Бірақ күйеуіммен енді бірге тұрмаймын, – деп нақтылайды Венера.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның жұмыс істеген уақытында ол жерге 987 әйел өтініш білдірді.

Телефон: 500 – 417; 8747 918 94 45; 702 835 99 39

– Венераның қызы алғашқы күндері анасы әкесіне кері оралады деп қорықты, – дейді дағдарыс орталығының психологы Әсем Жақсымбетова. – «Әкеме бармаймын» деп жылайды. Содан кейін жай ғана тып-тыныш, үнсіз отырады. Ол төрт жасында не көрмеді? Айқай-шу, ұрыс-керіс, әкесінің анасын ұрып-соғуы. Венера өзінің қызын тыңдап, өз шешімінен бас тартпауын қалаймын.

Мен Венера полициядан көмек сұрады ма, деп сұрадым. Жоқ, жүгінбеген. Неге деген сұрағыма, «одан пайда жоқ» деп жауап берді ол. «Олар келіп, оны тыныштандырады, ал ол қайтадан ішіп, тағы сабайды».

Александр Цуранков, облыс прокурорының орынбасары:

– Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан кісі өлімі күрт өсті. Олардың жартысы мас күйіндегі агрессияның нәтижесі. Қылмыс құрбандары отбасы мүшелері де, көршілер де болды,бірақ басты мәні-жүйелі агрессия. Яғни, адам ұзақ уақыт бойы зорлық – зомбылық көрсеткен-физикалық, психологиялық, жақын адамдар тобына қатысты және бір күні бұл жағдай кісі өлтірумен немесе зорлық-зомбылық құрбандарымен немесе агрессормен шешілді.

Біз жағдайды талдап, полицияның алдын алу бақылауының әлсірегенін көрдік. Егер отбасылық жанжалды бақылауға алса, зорлық-зомбылықты болдырмауға болады. Жағдайды бірлесіп талқылағаннан кейін әкімшілік полиция өз жұмысын күшейтті, нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа айыптау бойынша тіркелген әкімшілік және қылмыстық істердің саны артты. Әйелдердің полиция оларды қорғайды деген сенімі жеткіліксіз? Солай деп ойлаймын. Бұл мәселе мынада, әйелдер бір күннен кейін- агрессор күйеуіне өз өтінішін қайтарып алады. Әр түрлі себептермен, бірақ соңына дейін жету қиын.

Дина СМАИЛОВА, «Үнсіз қалма»қозғалысының көшбасшысы?

– Жылына бүкіл Қазақстанға 350 мың әйел үйдегі зорлық-зомбылыққа шағымданады. Тек 33 мың оқиғадан полиция іс жүргізуді бастайды және сот айыппұлды өндіріп алу туралы шешім шығарады. Қалған жағдайлар жазасыз қалады. Бұл үйдегі зорлық-зомбылық туралы Қылмыстық кодекстің баптарын ізгілендірумен байланысты. Яғни, полицияға ауыр дене жарақатын салған жағдайлар түседі. Көбінесе бұл «жедел жәрдеммен» ұрған әйелді ауруханаға әкелгенде. Қалған жағдайларда агрессорлар жазасыз қалады.

Бірақ жәбір көруші өтініш білдірген жағдайда, ол агрессорды үш сағатқа кідіртетінін біледі, содан кейін ол ашулы үйге қайтып келіп, тағы соққының астына алады.

Мен «үйдегі зорлық-зомбылық» бабы бойынша жазалауды қатаңдатуға қол жеткізу қажеттігіне сенімдімін, өйткені одан зардап шегетін әйелдер мен балалар көп. Нәтижесінде олар мемлекеттен тек мүгедектік пен жәрдемақыға ғана қол жеткізеді. Ал агрессор мемлекет қазынасына 12 АЕК (30 300 теңге) айыппұл төлейді. Жәбірленушіге ол мүлдем шығынды өтемейді, тіпті ем ақы да төлемейді.

ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ

«ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңның 20-бабында көрсетілген.

Отбасылық тұрмыс саласында қандай да бір құқық бұзушылық болған кезде, Егер күйеуі әйелін ұрып-соғып, ол учаскелік полицияға шағымданса, онда оған қатысты қорғау нұсқамасы жазылады.

Қорғаныс нұсқамасын учаскелік адамның өзі жазып бере алады. Содан кейін бір ай ішінде бұзақы бақылауда болады. Оны үнемі полицияға шақырады немесе полиция қызметкері үйге келеді, көршілерінен сұрайды. Егер ол қорғау нұсқамасын шығару кезінде әйелін екінші рет ұрса, онда 461-бап бойынша оны сотқа апарып, әкімшілік қамауға алудың бес тәулігіне үкім шығара алады.

Қорғау нұсқамасы бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты да шығарылуы мүмкін. Егер үй бұзақысы учаскелік полиция қызметкері оған қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бірнеше рет ескермесе, онда әкімшілік сот оған қатысты ерекше талаптар деп аталатын талаптарды шығарады.

Егер агрессор ерекше талаптар шығарылғаннан кейін әйелді қудалап, қару-жарақпен қорқытып, алкоголь мен есірткіні асыра пайдаланса, онда қылмыстық іс қозғалады.

Сурет әлеуметтік желіден

СІЗДІҢ ОТБАСЫ ҮЙДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ТАП БОЛАМА?

Жоқ, отбасында мұндай жоқ-91,25%

Тек анама тиеді – 5,52%

Әкеміз анамызды да, бізді де ұрады-3,24%

525 дауыс.Сауалнама «Вконтак» әлеуметтік желісінде жүргізілді.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром13.66 ℃
Днем20.44 ℃
Вечером13.2 ℃
Ночью7.03 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра7.45 м/с
2025-04-28
Утром2.91 ℃
Днем6.92 ℃
Вечером6.56 ℃
Ночью3.28 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.66 м/с