БҚО-да заңсыз бекіре аулаған 12 адам сотталды

Осы жылы Ақжайық ауданының полиция қызметкерлері Жайық өзенінде 12 адамды қолға түсірді, олар жалпы салмағы 20,4 кг болатын 25 дана бекіре аулаған. Барлық браконьерлер түрлі жазаға тартылды.

Иллюстрациялық фото.

— Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе және Шабдаржап ауылдарының тұрғындары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 39 — бабы өзендерде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу туралы талаптарын бұзды, -деді Бауыржан Ахметжан, БҚО прокурорының аға көмекшісі.

Оның айтуынша, кінәлі тұлғалар ҚР ҚК 335-бабының 3 және 4-тармақтары бойынша балық ресурстарын заңсыз олжалағаны үшін, бас бостандығын шектеуге, шартты жазаға 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге сотталып, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға салынады.

Прокурордың аға көмекшісі хабарлағандай, сотталғандардан 10,9 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. Алынған балық пен көлік құралдары мемлекет пайдасына тәркіленген, сондай – ақ қылмыс құралдары-аулар, шаналар, күректер жойылып, сот актілері заңды күшіне енді.

Прокуратура бекіре балық түрлерін заңсыз аулағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 335 бабы бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу, шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ тақырып бойынша:

БҚО-да полиция екі тоннадан астам бекіре тәркіледі

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

12 + twenty =

x
2023-12-10
Утром-11.55 ℃
Днем-10.65 ℃
Вечером-10.83 ℃
Ночью-11.51 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра6.42 м/с
2023-12-11
Утром-13.5 ℃
Днем-12.3 ℃
Вечером-13.65 ℃
Ночью-16.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.3 м/с