Өз мектептеріне ата-аналар жедел желі арқылы шағымдана алады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетімен ата-аналарға арналған жедел желі іске қосылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Ж. Бекшиннің ақпараты бойынша, Комитет оқу үдерісінің бірінші ширегінде (7172) 74-18-64 нөмірі бойынша ата-аналарға арналған жедел желі іске қосылады.

«Бүгін біз жедел желіні іске қосамыз. Жедел желі телефоны 74 – 18 – 64 . Мен ата — аналарға алғашқы күннен бастап, егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса,, осы телефонға қоңырау шалыңыз демекпін. Телефон сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері жұмыс істемейді», — деді ол. Елдің бас санитарлық дәрігері тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ата-аналардың назарын жарықтандыру, ауыз су режимін ұйымдастыру, санитарлық-техникалық жабдықтардың (раковиналар мен унитаздар) жеткіліктілігі мен жарамдылығы мәселелеріне, сондай-ақ сіздің балаңыздың бойлық-жастық көрсеткіштеріне сәйкес партаға отырғызу мәселелеріне аударатынын атап өтті. «Егер оқу жылына дайындалмаған мектептер бар болса: апатты жағдайда, дәретханалары, азық-түлік блогы жөнделмеген. Егер қызмет жеткізушілерге және тағы басқа сұрақтар болса, онда осы мәселелер бойынша ата — аналарды жедел желі телефонына хабарласуды сұраймын», — деді ол.

Елдің бас санитарлық дәрігері, сондай-ақ, салмағы жоғары оқулықтар анықталған жағдайда ата-аналар да осы нөмір бойынша хабарласа алатынын атап өтті.

ҚазАқпарат

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-15
Утром15.6 ℃
Днем19.99 ℃
Вечером16.5 ℃
Ночью14.3 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.57 м/с
2026-10-16
Утром11 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью13.65 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.03 м/с