Оралда байкер жеңіл автокөлікпен соқтығысып қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 6 тамызда 22 мектептің ауданында орын алған, «Лада» маркалы автокөлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде мотоциклистпен соқтығысқан. Мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

-Шамамен 18:10-да, 42 жастағы «ВАЗ-2110» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Гагарин көшесімен шығыс бағытта 1-Строительный тұйық көшесінің қиылысында келе жатып, бұрылу маневрін жасай отырып, қарама — қарсы бағытта келе жатқан 27 жастағы жүргізуші басқаруындағы «Сузуки» маркалы мотоциклімен соқтығысуға жол берді,-деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Әлия Наурызғалиева.
Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік кенеттен мотоциклдің жүру жолында болған. Байкер шұғыл тежелуді басқанмен, мотоцикл отырғышынан ұшып кетіп, автокөліктің артқы оң жақ есігіне соғылды. Басқарылмайтын Соққысынан кейін мотоцикл бірнеше жүз метр өтіп, автоөтпе жолдың жанында құлаған.
БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Жол қозғалысын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Маргарита Зябчук
