Оралда күшті желдің салдарынан үй отқа оранды
Апат айтып келмейді, өрт тілсіз жау, деп бекер айтылмаса керек. Жақында болған қатты желдің салдарынан электр сымдары тұйықталып Орал қаласының тұрғыны Қадыржан Құспановтың үйі өртке оранды.

Әп-сәтте баспанасынан айырылып, есеңгіреп қалған жанға қол ұшын созамын деушілер болса төмендегі телефон номеріне хабарласуыңызды сұраймыз.Қайырымды жандардың қайырымдылығы осындайда керек-ақ…
Қадыржан Құспановтың телефон номері: 8 707 848 65 66
Есенжол Елекенов
Бейне: Нұрлыбек Емранов
