«Ақбұлақтың» әбігері
Тасқаладағы Амангелді ауылының тұрғындары аталмыш ауылда «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы өткізілген ауыз судың құрылысы дұрыс жүргізілмегендігін айтады. Яғни тұрғындар құдықтардың жол жиегіне қойғандарына наразылық танытып отыр.
Олардың айтуынша, құдықтар авто көліктердің жүруіне кедергі келтіреді дейді. Сондай-ақ аталмыш бағдарламаның құрылысы аяқталған соң таза судың бағасы 30-40 теңгеге (қазір 180 теңгенің шамасында) дейін төмендейді деп, ауыл әкімі уәде беріпті. Алайда әкім уәдесін әлі орындамаған. «Ауыл әкімінің уәдесіне тойып біттік» деп ашынып отыр ауыл тұрғындары.
Есенжол Елекенов
Бейне: Нұрлыбек Емранов
