Оралда автобус жүргізушісі ұстама кезінде қызды құтқарып қалды
Оқиға бүгін таңертең № 39 жолаушылар автобусында 2-ші база аялдамасында орын алған. Жүргізуші маршрутты тоқтатып, жолаушыларды түсіріп, қызға «жедел жәрдем» шақыруға тура келді.

— Қыздың кенеттен ауруы басталды. Кондуктор мен жүргізуші автобус әрі қарай бармайды деп, жолаушыларды түсірді, содан кейін, менің телефоннан «жедел жәрдем» шақырды. Ол есінен танып жатты, содан кейін оны «жедел жәрдем» алып кетті. Әдетте жүргізушілер туралы нашар айтады, олар адамдарды түсіріп кетеді деп, ал мұнда олар адамшылық танытты, клиенттерден айырылып қаламыз деп қорықпады, — деді №39 автобустың жолаушысы Әлия.
Жүргізуші Александр Шаишниковтың айтуынша, ол ешқандай батырлық жасамаған, тек өз жұмысын орындаған.
Маргарита Зябчук
Сондай-ақ тақырып бойынша:
«Өзің түсесің бе, әлде көмектесейік пе?»- Оралда мектеп автобустан құлап кетті (БЕЙНЕ)
