Оралда деменция ауруымен ауыратын әже үшінші ай зейнетақы ала алмауда
82 жастағы Клавдия Егорова жалғыз тұрады және деменция ауруымен (қарттық маразм) зардап шегеді. Ол екі ұлы мен күйеуінен айырылған, енді оны тек көршілері ғана бағады. Зейнеткер ұмытшақтық ауруымен зардап шегеді, сондықтан да зейнет ақысын алу үшін куәлігін қайда қойғанын есіне түсіре алмауда.

-Менің тамақ ішкім келеді, ал зейнет ақымды ала алмаймын.. Менің жеке куәлігімді ұрлап кетті. Ақшасыз ашығып отырмын. Бір апта бойы нәр татпаған кездерім болды. Мен жақын жердегі дәріханаға фармацевт қыздарға барамын. Бірі кофе, екіншісі бәліш береді. Көршілер мені тамақтандырады, бірі сорпа әкеледі,одан екіншісі. Осылай өмір сүрудемін. Бірақ көршілер менен қорқады, менің газымды өшірді,мен бірдеңе бүлдірмес үшін, — деді Клавдия Филлиповна.
Зейнеткер 40 жыл бойы «Металлист» асханасында наубайшы болып жұмыс істеді. — Менің күйеуім ерте қайтыс болды соңынан 10 ішінде қос ұлым бірінің артынан бірі кетті.
-Ол ауырады, оны бір жерге жатқызу керек. Ол дәрі-дәрмек сатып алғанын ұмытып, бір сағаттан кейін оларға қайтадан келеді. Маусым айынан бері осылай, мүмкін жалғыздықтан болар. Ол күн сайын бізге келеді, үйде жалғыз отыра алмаймын дейді. Ол күніне 5 рет жедел жәрдем шақырады немесе бізге дәріханаға келеді, — дейді жақын жердегі дәріханадан фармацевт Светлана Уланова.
Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлерінің айтуынша,, зейнеткер әлеуметтік қызмет пен қарттар үйінен сенімсіздіктен бас тартқан. Бірақ еріктілердің арқасында зейнеткер көп ұзамай құжаттарын алады.
Маргарита Зябчук
Бейне: Артем Букреев, Нұрлыбек Емранов
