Абат Шыныбеков Орал әкімі болды
Қала басшысы қызметіне Казталов ауданының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков тағайындалды. Орал қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Мұқаевтың лауазымы әлі белгісіз.

Бүгін, 12 тамыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің шешімімен Орал әкімі қызметіне Абат Шыныбеков тағайындалды.
Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы туған
Білімі — жоғары
Ұлты-қазақ
1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылы «Еуразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
1996-2003 жылдары мемлекеттік қызметте әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.:
2003-2006-Казталов ауданы әкімінің орынбасары
2007-2008-Орал қаласы әкімінің кеңесшісі
2008-2012 – «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары»
2012-2013 – Орал қалалық мәслихатының хатшысы
2013 — 2017-Сырым ауданының әкімі.2017 — 2019-Казталов ауданының әкімі.
Осы уақытқа дейін Орал әкімі қызметін атқарған Мұрат Мұқаев қандай лауазымға тағайындалатыны туралы қала активінің отырысынан кейін журналистердің сұрағына, өзі де білмейтінін айтты.
Мария Мельникова
