Оралдың бұрыңғы әкімі партияға кетті
Мұрат Мұқаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып зейнеткерлікке шыққан Серік Сүлейменнің орнын басты.

Мұрат Мұқаевтың жаңа тағайындалғаны туралы бүгін, 14 тамыз күні облыстық партия филиалының баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. Партия филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев Орал қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін екінші күні тағайындалды.
— Партия филиалы төрағасының бұрынғы орынбасары Серік Сүлеймен зейнетке шықты,-деп хабарлады партияның облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Дәстүрлі түрде партияның облыстық филиалының төрағасы қызметін облыс әкімі атқарады.
«Бұған дейін Батыс қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның өңірлік филиалының барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялармен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бауыржан Байбектің бұл тілегі, егер БҚО-дағы барлық аудандық, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының қазіргі құрамы 99% — ға «Nur Otan»партиясының мүшелерінен тұратынын ескеріп, ойлануға шақырғандай.
