Оралда ана екі баланы араға екі ай салып босанды

Облыстық перинаталдық орталықта ерекше жағдай орын алды. Анатомиялық ерекшелігі бар босанушы екі баланы 2 ай айырмашылығымен босанды.

Лилия Коновалова қызы Лия және ұлы Максиммен.

Бірінші қыз баланы, Лилия Коновалова мамыр айында босанды. Бала шала туған, салмағы 850 грамм болатын, дәрігерлердің күш-жігерімен жан сақтау бөліміне жеткізілді.

— Бірінші бала 24 мамырда дүниеге келді. Оған ұзақ реанимациялық көмек қажет болды. Содан кейін оңалту кезеңінен өтті. 9 тамыз күні кесіп алу арқылы қыздың 2900 салмағы бар інісі дүниеге келді. Қазір екі бала да анасымен бірге тұрады, — деді облыстың бас неонатологы Нұргүл Жүнісова.

Екі баланың анасы шаршаңқы, бірақ бақытты көрінді.

— Менің тағы бір қызым бар, ол 7 жаста. Баланы біз Максим деп атадық, ал қызы Лия. Мен анатомиялық ерекшелігім туралы білдім, бірақ оған ешқашан ерекше мән бермедім. 23 мамырдан бүгінгі күнге дейін мен осында тұрамын, — деді ол журналистерге.

Соңғы 60 жылда бүкіл әлем бойынша мұндай жағдайлар 70-тен астам болды. Қазақстанда бұл алғашқы тіркелген жағдай.

— Бұл ерекшелік туралы біз бірден білдік. Сондықтан, біздің мамандар екіншісін босандырып алу туралы шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде анасы біздің орталықта, қызының қасында болды. Менің жадымда бұл алғашқы оқиға. Мен Алматыдағы әріптестерімнен кеңес алдым, бұл бүкіл Қазақстанға тіркелген алғашқы жағдай сияқты, — деп хабарлады ОПО директорының орынбасары Есет Ералин.

Алексей Воробьев, Фото Артем Букреев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-5.68 ℃
Ночью-5.87 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с