БҚО Маштексай ауылының тұрғындарына мал ұрлығы қайғы болып тұр
Ағымдағы жылдың сегіз айында мұнда 26 мал ұрлығының фактісі тіркеліп, тек олардың төртеуі ғана ашылған. Ұрылар жайылымнан, ауладан, ең ірі малдарды ұрлаған. Жоғалған мал иелері ауданда ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейді деп санайды. Жергілікті полиция халықтың мүлкін ұрлаудан неге қорғай алмайтынын айтып жатыр.
Есенжол Елекенов
Бейне: Нұрлыбек Емранов
