БҚО-да мал ұрлығымен айналысқандарға қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімін облыстық сот өз күшінде қалдырды
Облыстық сот үш жыл бойы облыс аумағында мал ұрлаумен және сатумен айналысқан қылмыстық топтың ісі бойынша апелляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін заңды және негізді деп тапты.
– Менің қорғаушым Ескендір Төлегенов облыстық соттың шешімімен келіспейді және Жоғарғы сотқа жүгінуге ниетті. Сонымен қатар, ол аштық жариялады, – деді Бауыржан Азанов Ескендір Төлегеновтің қорғаушысы.
Сондай-ақ, қорғаушы тергеу заңсыз жүргізілгенін айтты. Айыпталушылардың бірі Бисембаевтан жауап алу хаттамаларына оның қорғаушысының қатысуынсыз жүргізілді және тиісінше оларға қол қойылмаған. Алайда бірінші сатыдағы сот оларды дәлелдемелер үшін қабылдады.
Мал ұрлығынан зардап шеккендер Бисембаевтың айғақтарына сенеді, ал куәгер Ербол Бердіғалиев оларды жоққа шығарады.
-Менің бұқамның құлағында сырға түріндегі чиптер болды. Ал Бисембаевтың айтуынша, олар менің бұқамды ұрлаған кезде, олар сырғаларды ауыстырған, содан кейін құлағын кесіп алған. Мен өз бұзауымды тауып алған кезде құлағы пен сырғасы орнында болды, – деді куәгер Ербол Бердіғалиев.
Ербол Бердіғалиевтің айтуынша, Қаратөбе ауданында ұрлық әлі күнге дейін жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусым күні Сырым аудандық сотымен мал ұрлығы үшін Қаратөбе ауданының үш тұрғыны сотталды. Е. Төлегенұлы кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 262-бабы, 1-бөлігі бойынша, «Ұйымдасқан топ құру және «4 бөлігінің «1,3», ҚР ҚК 188-бабы «Аса ірі көлемде ұрлық жасалған қылмыстық топ» бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды. О. Дәулетияров ҚР ҚК-нің 4-бөлігі,»1,3″ тармағы, 188-бабы және ҚР ҚК-нің 2-бөлігі, 262-бабы «Ұйымдасқан топқа қатысу» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. С. Бисембаев ҚР ҚК — нің 4-бөлімі,»1,3″тармағы,188-бабы және ҚР ҚК-нің 2-бөлімі, 262-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды, – деп хабарлады БҚО ІІД полиция майоры Ерлан Жақсыбаев.
Майордың айтуынша, Ерлан Жақсыбаев 5 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды, себебі ол тергеу органдарымен іс жүргізу келісімін жасап, қылмысты ашуға көмектескен.
Маргарита Зябчук