Оралда бұрынғы полиция қызметкері пикетке шықты (БЕЙНЕ)
44 жасар Әлібек Ерғалиев облыстық прокуратура ғимаратының алдына плакат көтеріп пикетке шықты. Ол облыстық прокурордан құқық қорғау органдарында уәде етілген тексеру жүргізуді талап етті, Әлібектің айтуынша, осыдан бір жарым жыл бұрын оны жұмыстан әділетсіз босатқан.

— Прокуратура ақпан айында менің ісіммен айналысуға уәде берді, бірақ мен әлі күнге дейін ешқандай нәтиже көрген жоқпын. Мені полициядан лайықты зейнетке шығуыма бір жарым жыл қалғанда шығарып жіберді. Маған балама ұсынды: мен мың доллар төлеймін де,бір жарым жылымды бітіріп барып, зейнетке шығамын,болмаса мені жұмыстан босатады. Мен мұндай ақша жоқ деп бірден айттым, — деді Әлібек.
Оралда белсенділер Қытайға жер сатуға қарсы наразылық білдірді(БЕЙНЕ)
Оралда екі әйел адам әділетсіз сотқа қарсы наразылық акциясын өткізді (БЕЙНЕ)
Оның айтуынша, ол ІІМ жүйесінде 20 жыл жұмыс істеген. Оны наркологиядан жалған құжаттарды пайдаланып, теріс себептермен жұмыстан босатты.
Облыстық прокуратура ғимаратынан шыққан қызметкер Әлібекке ішке кіруді ұсынды. Біраз уақыт өткен соң, облыс прокурорынан қабылдауды күтпестен Әлібек прокуратурадан соңына дейін күресемін деп кетіп қалды. Ол жерде бұрынғы полицейге оның сұрағымен бүгін айналысатынына уәде берді.
Алексей Воробьев,Бейне: Нұрлыбек Емранов, Артем Букреев.
