БҚО-да ЖКО кезінде бес адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының маңында Орал-Атырау тас жолында орын алған

— «ЗиЛ» автокөлігі мен «Nissan» маркалы жеңіл автокөлік 15 қыркүйекте сағат 12.35-те соқтығысты. «ЗиЛа» жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқан, Тайпақ ауылына бұрылып, оған қарсы келе жатқан «Nissan»автокөлігін жіберіп алған жоқ. Нәтижесінде 6 адам зардап шекті, жеңіл автокөліктің бес жолаушысы қаза тапты, — деп хабарлады БҚО ІІД Жергілікті қызмет бастығының орынбасары Манарбек Нажиев.
«Жедел жәрдем» пунктіне қонырау сағат 12.37 түсті.
— Бес жолаушы алған жарақатынан «жедел жәрдем» келгенше 20, 34 және 36 жастағы ерлер мен 43 және 46 жастағы әйелдер көз жұмды. 51 жастағы «ЗиЛа» жүргізушісі жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бас миының шайқалуымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
— Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы»бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың 1 — бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, — деді Манарбек Нәжиев.
Мария Драчева
