Орал әкімімен болған кездесуде тұрғындар қалалық қоқыс тастайтын орын бойынша сұрақтар қойды (БЕЙНЕ)
Бірнеше апта бойы қоқыс үйіндісі күн сайын жанып тұрады. Оралдықтар билік бес жыл бойы бұл мәселені шеше алмайтынына наразы. Билік өкілдерімен кездесу кезінде тұрғындар тағы да жаңа полигон туралы және ескі полигонның жабылуы туралы естіді.

Көптеген тұрғындар өзгерістін болатынына енбейді, ал жай ғана қоқыс орны жануын тоқтатқанын қалайды. Тағы басқалары жаңа қоқыс полигоны пайда болады деп үміттенеді,бірақ сол жағдайдың қайталануынан қауіптенеді.

— Бізге бес жыл бойы полигонның басқа жерде болатынына және де бәрі өзгеретініне уәде беріп келе жатыр. Әрине, бәрі өзгерді-күн сайын нашар болды. Қазір қоқыс үйіндісі тәулік бойы жанып жатыр, — деді Зашаған тұрғыны Лариса Туктамышева. — Бұрын біздің ауданда тұрғындар мен үйлер аз болған, сондықтан қазір бұл мәселе туындаған жоқ, — деп қосты Лариса Туктамышева.
Жас әйелдің айтуынша, қазір көпшілігі салынған көп қабатты үйлерден тұрғын үй сатып алады немесе ұсынады. Ал таңертеңнен таңертеңге дейін тұрғындар жаңа пәтерде терезені аша алмайды. Өйткені барлық уақытта денсаулыққа зиян иіс және түтін болады.
— Біздің подъезде гарь иісі бар, ол иіс барлық жерде. Ал балалар ауруханасы болса біздің ауданда орналасқан, ол жерде бронхиттіде емдейді. Ол жерде қалай бөлмелерді желдетеді? -деп Лариса сұрақ қояды.
Басқа тұрғындар да алаңдаулы, себебі барлығы жанында-мектептер, балабақшалар, балалар гарьмен демалады.
— Менің немерем көп, барлық дерлік мектеп оқушылары, әр таң сайын мектепке барады, осы зиянды заттармен дем алады. Ал олар жинақталып жатыр ғой, содан кейін балалар ауырады деп таң қаламыз, — дейді Зашаған тұрғыны Галина Кенчурина.
Кездесу барысында қала басшысы Абат Шыныбеков тұрғындарды жағдайды бақылауда деп сендірді.
— Мен тек полигоннан оралдым, қазір біздің басты міндетіміз-өздігінен жануды тоқтату және өртті жою. Ол үшін сол жерге техника жөнелтіліп, жұмыстар жүргізілуде. Мен жаңа полигонды жақын арада уәде ете алмаймын,бірақ алдағы уақытта полигонды жабатын боламыз. Қазір оны қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жылдам процедуралар емес, бірақ онсыз болмайды, регламент заңмен белгіленген, — деді Орал әкімі Абат Шыныбеков.
Мария Драчева
Видео: Нұрлыбек Емранов
