Орал тұрғынынан жарты кило марихуана тәркіленді
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде Зачаганск көлік тұрағының бірінде сораны заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін 27 жастағы ер адамды құрықтады.


– Тінту барысында 547 грамм марихуана мен 3 түп қарасора тәркіленді. Гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдай жасалған. Жертөленің қабырғалары пенофолмен жылытылып, ауаны мәжбүрлі желдету, жасанды жарық (фитолампа) орнатылды, қажетті температураны қамтамасыз ету үшін май радиаторы орнатылды, — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.
Оның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру»бойынша қылмыстық іс қозғалды. – Бабына сәйкес, бұл қылмыс түрі 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл немесе і түзеу жұмыстарына, не сол мөлшерде 600 сағаттық қоғамдық жұмыстар жасауға немесе екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге.
Маргарита Зябчук