Синоптиктер БҚО-да дауыл болады деп болжауда
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша алдағы тәуліктерде ауа райы қала мен облыс тұрғындарын жылы киінуін талап етеді. Әрине, мұндай жел жылы қалпақ пен жайлы шарфсыз болмайды.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында оңтүстік — батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да көп. 24 қыркүйек күні түнде кей жерлерде 1-3 градус аяз болады, және де жауын жауады деп болжануда.
Ауа-райының нашарлауына байланысты ТЖ департаменті халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша кешенді іс-шаралар өткізеді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, электр беру және байланыс желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етті.
ТЖ жою күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді, жағдай шиеленіскен жағдайда басшы құрамның тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі.
ТӨТЕНШЕ жағдайлар департаменті ескертеді: Кезінде, төтенше жағдай туындаған кезде жедел кезекшісіне баяндауға міндетті БҚО ТЖ департаментінің телефондары:
51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.
Мария Драчева