Орал әкімдігі тұрғындарға Шаған арқылы өтетін көпір құрылысының табиғатқа әсер етуі туралы ақпарат бермеді
Орал қаласының әкімдігі әлі күнге дейін жұртшылыққа Сыдыков және Мәметова көшелері бойындағы жол мен көпір салу туралы жобадағы қоршаған ортаға әсер ету бағасын (ҚОӘБ) және жобалық құжаттаманы ұсынбады. 8 қазанға осы жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар тағайындалды.

Қала әкімдігі Тапсырыс беруші ретінде қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережелерінің бірқатар талаптарын бұзған. Ал олар тыңдаулар өткізгенге дейін 20 күн бұрын белгіленген шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсіміне (ҚОӘБ) қатысты экологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуді әкімдікпен қамтамасыз етуді талап етеді. Осы уақытқа дейін қала әкімдігі мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында ҚОӘБ жобасы жоқ. «Алматыдорпроект» ЖШС жобалаушы компаниясы хабарлағандай, ҚОӘБ жобасы Табиғи ресурстар басқармасына және Орал қаласының әкімдігіне уақытында жіберілді.
— Орал әкімдігіне біз ресми хат жібердік, — деп хабарлады «Алматыдорпроект» ЖШС менеджері Кристина Гришина.
Қоғамдық тыңдауларды өткізудің нақ сол ережесі мүдделі жұртшылық Тапсырыс берушіге жобалар құжаттамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (олар болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынатынын көрсетеді. Бірақ қала тұрғындарының мұндай мүмкіндігі ҚОӘБ жобасының ақпаратына қолжетімділіктің болмауына байланысты жоқ.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында 8 қазанда Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру орналастырылған,бірақ ҚОӘБ жобалық құжаттаманы біз таппадық.


ҚОӘБ қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруға бекітілуі тиіс, алайда осы ақпарат сайттарының ешқайсысында жоқ.
— Барлық құжаттар жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдіктің сайтында болуы тиіс, неге бұл ақпарат жоқ — мен білмеймін, — деді экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Жанат Сағынаев.
Қала әкімдігінің автомобиль жолдары секторының бас маманы Абылай Нұрмақов осы күнге дейін ҚОӘБ жобасы әкімдіктің сайтында неге орналастырылмағанын түсіндіре алмады.
— Электрондық порталдарда қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландырулар жарияланған кезде, біз топографиялық түсірілім жасап, сызбаларды әзірледік. ҚОӘБ туралы мен нақтылаймын және сізге қоңырау шаламын, — деп уәде берді маман.
Осыдан кейін Нұрмақовтың телефоны қоңырауларға жауап бермеді, және қазіргі уақытта маманнан еш хабар жоқ.
Алексей Воробьев.
