Орал қаласының автомобиль жолдары бөлімінде әкім резиденциясындағы жол құрылысын түсіндірді

Орал қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінде әкімнің резиденциясы жағындағы жолға жаңа асфальттің төселуін түсіндірді. Жол «Нефтебаза» аялдамасынан №10 автобус маршрутының соңғы аялдамасына дейін жөнделеді.

Самал ауданына жол салынды.

Бөлімде хабарлағандай, ҚПО қаржыландыратын жөндеу жұмыстары жолдың жарылуы, тозуы сияқты ақаулар болуына байланысты басталды. Түсіндірмеде жер асты инженерлік желілеріне қызмет көрсету кезінде жер қазу жұмыстарынан кейінгі жөндеу іздері де байқалады.

«Сондай-ақ, барлық учаскеде күрделі зақымданулар, көптеген жарықтар, шұңқырлар мен тесіктер, сондай-ақ асфальт-бетон жамылғысының толық бұзылуы байқалады. Бұл учаскеде темір жол ауруханасы, Облыстық психикалық денсаулық ауруханасы және №10 бағыттағы автобус сияқты әлеуметтік маңызды объектілер бар» — делінген бөлімнің «ОА»сұрауына берген жауабында.

Түсіндірмеде айтылғандай, бұл көшедегі соңғы күрделі жөндеу 2001 жылы жүргізілді. Биылғы жылға дейін бұл учаскеде тек орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 2,6 км құрайды.Жұмысты жылдың аяғына дейін аяқтау көзделген.

Алексей Воробьев.

x
2019-12-13
Утром-16 ℃
Днем-10.45 ℃
Вечером-11.7 ℃
Ночью-10.74 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра1.82 м/с
2019-12-14
Утром-10.81 ℃
Днем-7.02 ℃
Вечером-9.55 ℃
Ночью-8.61 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.58 м/с