Орал мен Ақсайдағы ауа райы: жаз аяқталды
Қазан айындағы жылы ауа райы көпке созылмады. Бүгін күннің екінші жартысында жел бағыты-оңтүстіктен батысқа ауысып, облыс аумағында күн суытады,деп хабарлайды «Казгидромет»АҚ синоптиктері.
Аспанды бұлт басады. Бүгін түнде ауа температурасы + 8, + 2 дейін төмендейді, ал ертең сейсенбі күні күндіз + 7, + 11 болады.
Сейсенбі күні түнде тұман түседі,сәрсенбі күні аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +10, + 10 болады. Апта соңында ауа температурасы + 14 градусқа дейін көтеріледі.