Орал өзеніне ластану деңгейі бойынша жоғары қауіптілік дәрежесі берілді
Орал өзеніне «Қазгидромет» РМК әзірлеген экологиялық ақпараттың интерактивті картасы ең жоғарғы деңгейде ластанғанын дәлелдейді.
Январцев ауылының төменіндегі Жайықтан алынған су сынамалары, сарапшылардың бағалауы бойынша, сапасы жағынан өте төмен және ол тек өнеркәсіп үшін пайдалануға жарамды. Ондағы хлор мен қоспалардың концентрациясы нормадан бірнеше есе асады.
«Ластану деңгейі барлық анықталатын көрсеткіштердің ең деңгейі беріледі, ол үшін тазалаудың белгілі бір тәсілдерін қолдану қажет», – деп атап өтті «Қазгидрометте».
Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті суларының сапасын бақылау айына бір рет жүргізіледі.
Интерактивті карталар халықтың қоршаған ортаның жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін құрылған. «Карталар әр үш сағат сайын жаңартылып, Қазақстандағы атмосфералық ауа мен жер үсті су нысандарының сапасы туралы ақпарат береді», — деп хабарлады «Қазгидромет»РМК.
Дариға САРМАНОВА