БҚО-да мұнай өңдеу зауытының құрылысы тоқтатылды. Оған ақша жоқ. Біз неге осылай болғанын түсіндірмекпіз. (БЕЙНЕ)
БҚО-ның ірі инвестициялық жобасы-Араб шейхының инвестициясына салынбақ болған мұнай өңдеу зауыты құрылысының-тоқтап қалу қаупі төніп тұр. Тапсырыс беруші, объектідегі жұмысты мердігермен қақтығыстан кейін тоқтатты. 100-ден астам жұмысшы және 50-ге жуық қосалқы мердігерлік ұйымдар өздерінің тапқан ақшаларын ала алмауда.
— Қазір, жарты жылдан кейін, тапсырыс берушінің басынан бастап мұнай өңдеу зауытын салуға мүдделі емес екеніне сенімдімін. Оларға бұл қажет емес, — деді құрылыс компаниясының басшысы Алла Дворянин.
— Қандай жағдай болмасын, біз бұл зауытты саламыз.Бұл мердігермен болсын, басқамен болсын,-дейді «ABS Мұнай» ЖШС атқарушы директоры Алексей Савран бұл зауыттың құрылысына тапсырыс берген.
Тапсырыс беруші («ABS Мұнай» ЖШС) мен бас мердігер («Евростандарт ЛТД» ЖШС) арасындағы жанжал шиеленісіп, кеше зауыт құрылысы тоқтатылып жатқаны туралы ресми хабарландырудан кейін жария етілді, ал зауыт құрылысымен айналысатын 132 адам еңбекақысыз қалды. Осы екі ұйымның арасында мұнай өңдеу зауытының бірінші фазасын салуға 30 млн доллар көлемінде келісімшарт жасалды. Осы сомадан тапсырыс беруші бас мердігерге 3,8 млн доллар көлемінде алдын ала ақысын төлеген.
Құрылыс орнына Астанадан «Евростандарт ЛТД»ЖШС бас директоры Алла Дворянин келді. Күннің бірінші жартысында ол Текеті ауданының әкімі Әділ Жоламановпен кездесіп, жұмысшылардың жалақысын кешіктіруге берген ұжымдық шағымына байланысты кездесуге шақырды.
– Тендерден кейін бірден тапсырыс берушіден бір жарым миллиард теңге алдын ала ақысын алғанбыз, бұл 3 млн доллардан сәл артық. Бұл соманың 50% – ын банк тендерлік кепілдік ретінде тоқтатып қойды және біз бұл ақшаны құрылыс аяқталғаннан кейін ғана аламыз. Біздің «ABS Мұнай» келісім-шартымыз осындай. Қалған ақшаны біз құрылыс материалдарын, арнайы техниканы сатып алып және жұмыстың көп бөлігі үшін пайдаландық. Атап айтқанда, біз болашақ зауыт салынатын алаңды салдық. Бұл 50 гектар тамаша теңдестірілген жер. Кірме темір жолдардың бір бөлігін салдық және зауыттың технологиялық емес бөлігін (әкімшілік ғимарат, жұмысшылар үшін жатақхана, депо, қазандық) тұрғыза бастады. Бірақ, тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісі бойынша бізге ақша аударудан бас тартуына байланысты, осы жылдың маусымынан бастап біз осы жобаға өз қаражатымыздан – жабдықтарды сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын, тамақтануға, ҚТҚ шығаруға және т.б. қаражат салуға мәжбүр болдық. Қыркүйек айында біздің өз қаражатымыз таусылды және бір жарым ай ішінде бізде жалақы бойынша– 19 млн теңге қарыз болыа қалдық. Бұдан басқа, біздің техниканы жалға берген қосалқы мердігерлер алдында қарызымыз бар, бізді тамақпен қамтамасыз етті, жанар-жағар май жеткізіп, басқа да көптеген қызметтер мен жұмыстарды орындады. Біз оларға жалпы 560 млн теңге қарызбыз. Біздің бірнеше мәрте хатымызды тапсырыс беруші елемей, жауапсыз қалдырды. Міне, жағдай қысқаша осылай, – деді Алла Дворянин, аудан әкімімен кездесу кезінде.
Сол күні, 10 қазан, Алла Дворянин құрылыс орнындағы жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар одан дереу жалақы төлеуді талап етті. Қазіргі уақытта мұнай өңдеу зауытының құрылысы орнында 132 адам жұмыс істейді. Олар тамыз айының жалақысын алған жоқ және 10 қыркүйек қыркүйек айы үшін жалақы алулары керек еді. Алла Дворянин оларға қалыптасқан жағдай туралы айтқан соң, жұмысшылар тапсырыс берушімен кездесуді талап етті.
Мұндай кездесу бүгін, 11 қазан күні таңертең құрылыс орнында өтті. Тапсырыс берушінің мүддесін білдіруге «ABS Мұнай» ЖШС Орал кеңсесінің директоры Алексей Савран келді. Алексей Савран «ОА» журналисімен әңгіме барысында оның компаниясы бас мердігерге 8 млн доллар алдын ала ақысын төлегенін және осы ақшаның қайда бөлінгенін айтты. Кейін, ол жұмысшылар алдында:
— Біз бүгін сіздерге жұмыстың 3 аптаға тоқтатайтынын деп хабарлаймыз. Осы үш апта ішінде біз пайда болған борыштармен айналысатын боламыз және осыдан кейін біз зауыт салуды қалай және кіммен жалғастыратынымызды шешеміз. Бізбенен бас мердігердің арасында даулы мәселелер пайда болды, оларды сот тәртібімен шешетін боламыз…, – деп түсіндірді Алексей Савран, бірақ оны бірден жиналған жұмысшылар сөзін бөлді:
— Бізге сіздің даулар керек емес. Зауыт салынады немесе жоқ – бұл сіздің проблемаңыз. Сіз бізге ақшамызды төлеңіз. Бізге бір — біріңе қанша ақша төлегендеріңіз керек емес,біздің тиісті еңбек ақымызды беріңіздер, содан кейін соттаса беріңіздер, – деп ұжым атынан жұмысшылар бірі сөз сөйледі.
Оны Алексей Савран мен Алла Дворяниннен жалақы төлеудің нақты мерзімін атауды талап еткен басқа жұмысшылар белсенді қолдады.
– Кәсіпорынның банктік шотында шынымен ақша бар. Олар менің бүгін барлық жалақыны төлеп, қосалқы мердігерлермен есептесуге жеткілікті. Бірақ бұл ақша тапсырыс берушінің талабы бойынша алынбайды, — деді Алла Дворянин ұжым алдында сөйлеген сөзінде. Одан әрі ол Алексей Савранға жүгінді. – Бұл ақшаны алу туралы өкім беріңіз. Біздің ақшаларымызды банк кепілдігінен алып беріңіз, мен бүгін-ақ барлық осы адамдармен есептесе аламын.
— Бұл адамдарға неге бұл ақшаны алуға болмайтынын айтыңыз? Түсіндіргіңіз келмейді ме? – деп, Алексей Савранға Алла Дворянин жүгінді.
— Келісім-шарт сізбен жасалды ғой. Бұл сіздің компания ұсынған шарттар. Өзіңіз түсіндіріңіз неге ақшаны алуға болмайтынын? — деп Алла Дворянин шүйлікті.
— Біз бұл ақшаны ала алмаймыз, себебі бұл ақшаны жалақы бойынша және қосалқы мердігерлер алдында төлеуге жұмсайтыныңызға сеніміміз жоқ, — деді Алексей Савран.
– Жақсы, біз онда осындай нұсқаны ұсынамыз-Сіз бұл ақшаны алып, жұмысшыларға және қосалқы мердігерлердің шоттарына аударасыз. Бізге бұл ақшаны аударудың қажеті жоқ. Тек адамдар алдындағы қарызды жабыңыз, – деді Алла Дворянин.
Алексей Савран бұл ұсыныспен келіспеді және мұндай шешімдерді компания басшысы Сергей Лавриненкомен келіспей қабылдай алмайтынын мәлімдеді.
— Егер сіз шешім қабылдай алмасаңыз, онда сіз неге келіп, уақытымызды алудасыз?! – деп жұмысшылар наразы болды.
Жұмыс берушілермен екі сағаттық кездесуде Алексей Савран бір апталық мерзімде барлық жұмысшылар мен қосалқы мердігерлермен есеп айырысуға, сондай-ақ осы аптаның ішінде жалақы төлеу сәтіне дейін жұмыс орындарын тастап кетуден бас тартқан жұмысшылар үшін тамақтануды төлеуге міндеттеме алды.
11 қазан күні кешке Алла Дворянин редакцияға қоңырау шалып, оны полицияға шақырғанын, онда оны «ABS Мұнай» ЖШС қызметкерлерінің бірінің арызымен таныстырғанын, ол полицияға Алла Дворяниннің 11 қазан күні таңертең тапсырыс берушінің Орал қаласындағы кеңсесі алдында жұмысшылардың рұқсат етілмеген митингісін ұйымдастыруға тырысқаны туралы хабарлаған.
Теректі ауданы Алғабас ауылында мұнай өңдеу зауыты биылғы жылдың сәуір айында құрыла бастады. Бұл-жалпы құны 420 млн доллар немесе 163 миллиард теңге болатын шетелдік капиталдың қатысуымен аймақтың ірі инвестициялық жобасы. Зауыттың тапсырыс берушісі «ABS Мұнай» ЖШС қазақстандық компаниясы болып табылады, ол зауыттың бірінші фазасының құрылысына West Carbon Investment Араб инвестициялық қорынан 30 млн доллар алды.
Осы жылдың басында жабық тендер барысында «Евростандарт ЛТД»ЖШС құрылыс компаниясы осы нысанның бірінші фазасын салу конкурсын жеңіп алды. Бірінші кезеңнің құны-30 млн доллар. Бұл сомаға әкімшілік қалашықтың, жатақхананың, қазандықтың, кірме жолдардың технологиялық емес бөлігінің құрылысы кіреді.
мәтін: Лукпан Ахмедьяров
фото және бейне: Артем Букреев