Ауру науқас пен күзетшілер арасындағы оқиға үшін арухананың директоры жауап береді

Оралда облыстық клиникалық аурухананың директоры күзетшілер үйсіз науқасты каталкамен сыртқа шығарған бейне үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Облыстық клиникалық аурухананың директоры Арман Байдеуов.

Бұл туралы Батыс қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ведомствоның Facebook желісіндегі ресми бетінде хабарлады.

«Бұл жерде пациентті тасымалдау күзетшілерге тапсырылған, бұл үшін аурухана басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылады», — делінген хабарламада.

Ал, облыстық клиникалық аурухананың басшысы Арман Байдеуов болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда, кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ұялы телефон камерасына ведомстволық күзеттің екі қызметкері науқас ер адамды ауруханадан бұрышына апарып, оның киімін жерге тастағанын түсіріп алған болатын. Ер адам күзетшілер науқас адамды көшеде қалдырғысы келетініне қатты ашулана бастады. Күзетшілер науқасты көшеде шығаруға және қалдыруға бұйрық берген дәрігердің нұсқауын орындағанын айтты. Оларға бейне авторы ұрса бастағаннан кейін, күзетшілер тағы да науқастың киімін каталкаға салып, оны аурухана ғимаратына кері алып келді.

Бірнеше сағаттан кейін науқас адам үйсіз екені анықталды. Ол түнде таяқ жеп, ауруханаға түскен екен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы дәрігерлер күзетшілерге үйсізді көшеге шығаруды бұйырған деген ақпаратты жоққа шығарды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының болжамы бойынша, жарақат бөліміндегі кезекші мейіргер күзетшілерден науқас бар каталканы терапиялық бөлімшенің қарқынды терапия палатасына апаруды сұраған. Күзетшілер (екеуі де, облыстық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша бірінші күн жұмыс істейді), адасып, науқасты аурухана аумағына кездейсоқ апарып тастаған.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша:

Оралда облыстық аурухананың күзетшілері науқасты сыртқа шығарып, тастап кеткен

Оралда сыртқа шығарып тастаған науқасқа байланысты бейнеге түсініктеме берді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-13
Утром15.03 ℃
Днем20.48 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.93 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра3.92 м/с
2025-05-14
Утром16.05 ℃
Днем20.26 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.71 м/с