Металл қоршауларды сату туралы хабарландыру Орал қаласының тұрғындарынан сұрақтар тудырды

Олар осы жылдың жазында қала бойынша «Кедергісіз қала»акциясы аясында өткізілді. Осы уақытта барлық жердегі хабарландырудағы төмен қоршауларға өте ұқсас қоршаулар алынған еді.

Ашық көздерден алынған фото

«ОА» журналистері дуалдың кімге тиесілі екенін және оларды кім сататынын анықтады.

Хабарландырудан скриншот

Биылғы жылдың 30 қыркүйегінде OLX.kz сайтында жарияланған хабарландырудың жоғарғы жағында70 мың теңге, ал төменінде бір метр үшін 2 мың теңгеден төмен деп жазылған. Хабарландырудағы көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалғанымызда 32 метр сатылатыны және бәрін бірден сатып алу керектігі айтылды. 64 мың теңгеге келісуге болатыны да сөз болды. Наталья(аты өзгертілді авт. ескерт.) «қалаға бұл дуалдардың ешқандай қатысы жоқ» деп айтты.

— Менің немере інім осыдан 10 жыл бұрын қаладағы кәсіпорындардың бірін сатып алғанда, сол жерде осы қоршаулар болған. Олар онда біраз уақыт тұрды, содан кейін ол оларды сатуға әкелді. Бірақ біз оны сатып алдық. Осы кезге шейін, олармен айналысуға уақыт болмады, жақында күйеуім қайтыс болғасын, мен қоршауларды сатуға шығардым. Бұл қоршаулар менің жеке меншігім алаңдатудың  еш қажеті жоқ, – деп сендірді Наталья.

Бірақ «Instagram» – да «Орал шағымдары» тобында Наталья хабарламасын тұрғындар қызу талқылай бастады. Біздің назарымыз пікірлердің біріне түсті. Онда ер адам дуалдар туралы  былай жазады.

«… Бұл дуалдарға бес жыл болды, таттанғаны көрініп тұр. Мен оны мемлекеттік қызметкерлерден сатып алдым. Бұл жерде ешқандай алаяқтық жоқ, үстіне ештеңе қоспай сатудамын».

Бұл пікір бойынша Наталья бұл біреудің әзілі шығар деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының ортасында қала бойынша «Кедергісіз қала»акциясы өтті.

Жаз айында Орал қаласының әкімдігі «Кедергісіз қала»бағдарламасының басталғанын жариялады. Көше бойынан металл қоршаулар алынып тасталды.

Қоршауларды бөлшектеу қаланың сыртқы келбетін жақсартып, қалалықтардың демалыс аймағын кеңейтеді, – деп түсіндіреді қала әкімдігінің ТКШ көркейту секторының меңгерушісі Роман Жұмиев.

Роман Жұмиевтің айтуынша, биіктігі 80 см болатын тротуарлар бойындағы сары-қара қоршаулар алынып тасталады.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша демонтаждалған дуалдар, егер олар қажет болса, аудандар балансына берілді, — деп жауап берді Жұмиев. — Осындай ұсыныспен хаттар, сол кезде барлығына жіберілді.

Алдымен жоспарланған көшелер бойынша дуалдарды толығымен бөлшектеу, бюджет пен санын есептеу, содан кейін оларды қажет аудандарға бөлу керек болды. Жұмыстар қала бюджетінен қаржыландырылды. Қоршаулар қайда жиналып, сақталатыны туралы ақпарат журналистерге берілмеді.

Мария Драчева

Тақырып бойынша оқыңыз:

Орал көшелерінен «Кедергісіз қала» бағдарламасы бойынша қоршауларды алып тастайды .

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-08
Утром14.89 ℃
Днем26.78 ℃
Вечером26.92 ℃
Ночью20.27 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.71 м/с
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.6 ℃
Вечером26.68 ℃
Ночью20.92 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.68 м/с